2022 жылғы 31 Қазанда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. С. Жәнібекова әдістемелік кеңес өткізді. Күн тәртібі бойынша 1 тоқсанда бағдарламаның орындалуын талдау, білім беру процесінің сапасын арттыру бойынша жұмысты жоспарлау, оқуға ынталы балалармен және үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүйесі, 7-9 сыныптарда биология және химия сабақтарында оқушылардың бірлескен коммуникациясында пәндік құзыреттіліктерді дамыту мәселелері қаралды.